Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры жаңа театр маусымын ашты!
26 мен 28 қыркүйек аралығында маусымның ашылуына орай театрда түрлі мерекелік іс-шаралар өтті.
Мерекелік іс-шара 26 қыркүйекте фойедегі музыкалық бағдарламадан басталды: қонақтар үшін шақырылған әртіс Максим Новиков өнер көрсетті. Кеш соңында "Поминальная молитва"спектаклі көрсетілді.
27-28 қыркүйекте мерекелік көңіл-күй жалғасты: жас көрермендерге арналған таңертеңгілік қойылымдар алдында ертегі кейіпкерлерімен ойын бағдарламасы өтті. Балалар көңілді ойындарға қатысып, шарлар алып, «Зачем гусенице крылья?» және «Четыре пера. Мыстан. Байтерек» ертегілерінің премьералық шоуларын тамашалады. Мерекелік і-шара "Ren Milk" компаниясының тәтті тағамы балмұздақ таратумен аяқталды.
Ал 27 қыркүйектегі кешкі спектакль алдында көрермендерді тағы да музыкалық бағдарлама күтіп тұрды: театр фойесінде маусымның мерекелік ашылуының жарқын екпініне айналған актрисалар Баянсұлу Хайржанова мен Александра Ошивалова орындаған композициялар орындалды.
https://prospect.tuz-temirtau.kz/kz/zha-aly-tar/956-temirtau-alasyny-balalar-men-zhas-spirimder-taetryny-36-shy-mausymyny-ashyluy.html#sigFreeIdfe1fbbe711













